Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Владимир Зеленский Украинадағы Ресей мүлкін тәркілеу туралы заңға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы Ресей мүлкін мәжбүрлі түрде тәркілеуге және оның резиденттеріне ешқандай өтемақы төлемей тәркілеуге рұқсат берілетін заңға қол қойды. Бұл туралы Жоғарғы Раданың баспасөз қызметі айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Рада қабылдаған «Ресей Федерациясы мен оның резиденттерінің меншік объектілерін Украинада мәжбүрлеп алып қоюдың негізгі принциптері туралы» заңға қол қойды.

«Заңға сәйкес, Украинада Ресей Федерациясы мен оның резиденттерінің меншік құқығын мәжбүрлеп алып қою Ресей Федерациясы Украина мен украин халқына қарсы шығарған және жүргізіп жатқан жаппай агрессивті соғысты ескере отырып, олардың құнын өтемей жүзеге асырылады», – делінген Жоғарғы Рада хабарламасында.

Заңда Украинада Ресейдің заңды тұлғаларының мүлкі мен қаржысын ұлттандыруды мәселесі қамтылған. Алып қою туралы шешімді Үкіметтің өтініші бойынша Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қабылдайды. Үкімет, сондай-ақ, мәжбүрлеп алып қоюға жататын объектілердің тізімін жасайды.

28 ақпанда Жоғарғы Рада депутаттары Украинадағы барлық ресейлік мүлікті тәркілеу туралы заң жобасын дайындауды ұсынды. 3 наурызда заң жобасы Радада қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...