Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бір тәулікте екі рет атыс болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында бір тәулікте екі рет атыс болды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«2022 жылдың 11 наурызында таңғы сағат 02.50 шамасында мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында кезекті қақтығыс болды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, екі ел шекарашылары арасындағы алғашқы қақтығыс 10 наурыз күні таңертең болған.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы жергілікті тұрғындар мен екі ел шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналады. Бұған мемлекеттер арасындағы шекараның қалай өтетінін анықтау мүмкін емес аймақтардың делимитацияланбауы себеп. Қару қолданумен байланысты соңғы оқиға қаңтар айының соңында болған. Қырғызстандық жолды тәжіктердің жауып тастауынан басталған шекарашылар арасындағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылды. Олар екі ел өкілдерінің келіссөзінен кейін ғана бітімге келді. Қақтығыс кезінде екі жақтан 30-дан астам адам жараланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...