Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 қазақстандық қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қаза тапқан. Бұл туралы ведомство басшысы Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сол оқиғалардың құрбандарына келетін болсақ. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты. Оның ішінде 19-ы әскери және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Алматыда азаматтардың көбі көз жұмған. Олардың саны – 139″, – деді Асылов.

Әкімшілік ғимараттарға шабуылдағандарға тойтарыс беру кезінде құқықтық тәртіпті қалыпқа келтіру үшін 86 қылмыскердің көзі жойылды.

53 адамның өлімінің мән-жайы әлі аныталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен табылды. Оның ішінде 48-і – оқ жарақатымен, екеуі – пышақ жарақатымен, үшеуі – күйік және басқа жарақаттармен.

Қазақстанның басқа жеті өңірінде 63 адам әкімдік, полиция және ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде құқықтық тәртіп күштерімен жойылды. 

«Бүгінгі таңда біз кездейсоқ оқ тиген 20 азаматтың көз жұмғаны туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда. Олардың арасында айқас оттың астына түскендер, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттерде әскери талаптарға бағынбағандар да бар», – деп мәлімдеді Асылов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...