Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.4 C
Nur-Sultan
33.8 C
Almaty
37.8 C
Shymkent

«Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі ұзартылды

Танымал

Ел аузында

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды», – деді Бас прокуратура Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

  • 287 Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі «Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;
  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру;
  •  126 ҚК-нің 3-бөлігінің 3-тармағы өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

16 маусым күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесінің және Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының...