Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Айгүл Иманбаева 45 жасын дүркіретіп атап өтті

Танымал

Ел аузында

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева 45 жасқа толуына орай әріптестері мен туыстарының басын қосып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Иманбаеваның қуанышына қазақтың барша жақсы-жайсаңдары түгел жиналды. Жазушы Дулат Исабековтен бастап, актер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Халық әртісі Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, «Дос-Мұқасан» тобы, Алтынбек Қоразбаев, Толқын Забирова, «Музарт» тобы және тағы да басқа көптеген өнер өкілдері ортақтасты.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Иманбаеваға күмістен жасалған жиынтық табыс етті. 

«Ақша берсем, жаратып жібересің, өзім барып сатып алдым», – деді ол. 

Сондай-ақ, тойға күні кеше кенже ұлдарын үйлендірген Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер келді. Олардың үлкен келіні Жұлдыз да арнайы Алматыдан Астанаға келіп, тойға қатысты.

Қарақат Әбілдина елордалық арулардың басын қосып, құрбысы Айгүл Иманбаеваға арнап ән орындады. Айгүлдің өзі де көпшілікке өнерін паш етті.

Той ортасында меймандарға алып торт ұсынылды. Тәтті тағам арнайы Ақтөбе қаласынан алдырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...