Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
37.3 C
Shymkent

Ғани Бейсембаев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Ғани Бейсембаев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 

1989-1990 жылдары – қазақ тілі мұғалімі. 1990-1995 жылдары – орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары – орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары – ҚР БҒМ Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 

2000-2001 жылдары – Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 2001-2006 жылдары – қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары – халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары – техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...