Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Министр жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өзіміздің автоөндіріске назар аударамыз, сондықтан қазір бағаны тұрақты ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие деп автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады дегенді айтып отырмыз. Бірақ көлікті одан да қымбатқа сатып алуға құқығыңыз бар, бірақ айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлейсіз. Сәуірдің аяғына қарай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын, 4 пайыздық жеңілдікпен несие беру болады», – деді министр үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, ол азаматтардың көлік бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығы туралы пікір білдірді.

«Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады», – деді Өскенбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...