Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Украина тарапы бейтараптық референдумы кем дегенде бір жылға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Украина мен Ресей келіссөздеріндегі украин делегациясының басшысы Давид Арахамия Украинаның бейтараптығы туралы референдум өткізуге кемінде бір жыл кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Халық қызметшісі» фракциясының жетекшісі YouTube арнасында көрсетілген ұлттық телемарафонның эфирінде осындай мәлімдеме жасады. Саясаткер мұндай шешімді жалпыхалықтық референдумда саясаткерлер емес, Украина халқы қабылдауы керек деді.

«Біздің шындықты ескере отырып, рәсім кем дегенде бір жылға созылады деп ойлаймын. Бұл қиын мәселе, бұл толығымен украиндықтардың таңдауы болуы керек», – деді Арахамия.

Оның айтуынша, бейтараптық декларациясы үш миллион адамның қолын тіркеуді қажет етеді, бұл ұзақ рәсім.

«Бұл бейбіт аумақтан тыс жерде жүзеге асырылмайтын үлкен рәсім, егер референдумда дауыс берілсе, онда біз конституцияға өзгерістер енгіземіз», – деп қосты ол.

Еске салайық, 29 наурызда Ыстамбұлда Ресей мен Украина өкілдері арасында жағдайды бейбіт жолмен реттеу туралы келіссөздер өткен болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...