Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қанша ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрады?

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артқанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде ықтиярхат алуға өтініш білдіргендердің саны өсіп жатыр. Егер өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400 адамға дейін болса, қазір 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам өтініш білдірген», – деді Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Ол сондай-ақ 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты.

«Статистика бойынша, өткен жылы да шамамен осыншама адам өтініш білдірген. Ал одан сәл ертерек, 200-ден аса адам азаматтық алуға өтініш білдірген», – деді Марат Қожаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кеген төрінде кемеңгер рухы жаңғырды

Халыққа қызмет етіңдер! З. Нұрқаділов. Кереге таулы Кеген өңірінде бұл күні аспан әлемі шайдай ашық болды. Зеңгір көкке өрмелеген алтын күн...