Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

«Долларлы миллионер»: Ерке Есмахан қанша ақшасы бар екенін айтты

Танымал

Ел аузында

Ерке Есмахан қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойған тыңдарманына қанша ақшасы бар екенін айтты. Сондай-ақ, әнші ұлына көңіл бөлмейді деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырған әншіге оқырмандарының бірі: «Қанша ақшаңыз бар?» – деп төтесінен сұрақ қойды. Оған Ерке: 
«Осы менің ақшамды санап не істемекшісіздер? Ақшам көп, Құдайға шүкір. Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен долларлы миллионермін», – деп жауап берді. 

Сондай-ақ, желі қолданушыларының бірі әншіні жалғыз ұлына көңіл бөлмейді деп сынға алды. 10 жасар балаға ана махаббаты керек екенін айтып, оны Алматыға алдырмауының себебін сұрады. Алайда Ерке бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

«Ұлым осында ғой. Таңертең мектепке кетеді, түсте келеді. Бәрі дұрыс. Махаббатқа, әсіресе әжесінің махаббатына бөленіп өсуде. Ілік іздеп отырасыздар иә? Алла, Алла», – деді ол. 

Айта кетейік, әншінің ұлы Мүсілім бірінші некесінен туған. Экс-күйеуі Асхат Садырбаймен ажырасқан соң, Еркенің ұлы нағашыларының қолында тәрбиеленді. Бастауыш мектепті Ақтөбеде аяқтап, кейін Еркенің анасымен бірге Алматыға келді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...