Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«Кублей ісі»: Сот ісі қайта жалғасуда

Танымал

Ел аузында

Көптен бері қоғам назарын аудартып келе жатқан «Кублей ісі» жалғасуда.

Бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған судья Айгүл Маштақова, «Кублей ісі» бойынша арызданушы мен жауап беруші және үшінші тарап өкілдері қатысты.

Еске салайық, 23 қарашада Орал қаласының соты «Кублей ісіне» қатысты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатты. Алайда тараптардың өздері ымыраға келу туралы өтініш бермегендіктен, олар соттың шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық сот алқасына шағымданған болатын.

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында олардың өкілдеріне сөз берді. Алғашқы болып сөз алған «Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Ол шешім шығаруы қажет.

«Кублей» тарабының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастыруды, сәйкесінше, сот шешімін шығаруды талап етті.

Кублей» тарабының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастыруды, сәйкесінше, сот шешімін шығаруды талап етті. Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады. Толығырақ айтқанда:

«2022 жылғы 23 қарашадағы ұйғарым осы азаматтық іс бойынша өзгертілсін. Анықтаманың негізгі бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын, жеке шағымдар ішінара қанағаттандырылады. Ұйғарым жария етілген күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды Судьяның іс жүргізуді тоқтатқаны АІЖК 273 – бабының 7-бөлігіне сәйкес. Әріптестері мұны іс жүргізу нормаларын бұзу деп санамайды, өйткені соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқылы.  Сондықтан сот тараптарға дауды шешу үшін тағы да шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.  Бірақ АІЖК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес сот іс бойынша іс жүргізуді 273-баптың 7-бөлігіне сәйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Сондықтан 10 жұмыс күні аяқталды және мен тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуге келмегеніне көз жеткізгендіктен, мен іс бойынша өндірісті қайта бастауды талап етемін. Біз істі бірінші сатыдағы сотқа жібереміз, ол дауды мәні бойынша қайта бастауға және қарауға жатады. Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деді  БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Маштақова.

Осы орайда айта кетсек, «Кублей» ЖШС өкілдері өндіріс аумағына жақын жерден заңсыз құрылыс нысандарын слауға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасын сотқа берген болатын. Әкімдіктің өкілдері 30 жылдық тарихы бар алып зауыттың жанынан тұрғын үй тұрғызуға не себепті рұқсат бергендерін нақты түсіндіре алмай келеді. Заңсыздықтың салдарынан зауыт жабылып қалған жағдайда, өндіріс орнындағы 700 адам жұмысыз қалса, тек БҚО 3,5 мыңға жуық ірі шаруа қожалықтары өсіріп отырған малдың етін өткізуден қағылмақ. Бар нәрсені жоқ қылуды көздегендердің әрекеті қоғам наразылығын тудырып отырса да, іске нүкте қойылмай келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...