Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерге студенттер қатысқан жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет ОҚК-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде қатысқан немесе ұсталған студенттер бойынша бізде ресми ақпарат жоқ. Бүлік болған уақытта олар демалыста болды. Оқиғалар орын алған сәтте 5-6 мың студент жатақханада тұрды. Оның көбісі шетелдік білім алушылар. Студенттердің қауіпсіздігін ұстаздары бақылады. Осы сәтте, мемлекет басшысының студенттерге тәртіпсіздіктерге қатыспағаны үшін алғыс айтқанын айтқым келеді”, – дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы.
Бұған дейін Астана медицина факультетінің студенті Әмір Сағындықов 5 қаңтарда Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде аяғынан жарақат алғанын жазған болатынбыз.