Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Германия билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі

Танымал

Ел аузында

Германиялық Гамбургтың билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі. Бұл туралы Forbes басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Басылым ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Усмановқа тиесілі 156 метрлік Dilbar яхтасын қала билігі тәркілеген. Яхтаның құны 600 миллион доллар. Яхта 2020 жылдың қазанынан бері Гамбургте қайта жабдықтау үшін тұрған. 

Усманов аталмыш яхтаны 2016 жылы сатып алған. 

28 ақпанда Еуроодақ Украинаға қатысты енгізген санкция тізіміне Усмановты да қосқан. Одан бөлек, санкция ресейлік кәсіпкерлер Михаил Фридман, Петр Авен мен Алексей Мордашовқа да салынған. Еуроодақтың дипломатия бойынша басшысы Жозеп Бюррель аталмыш шаралардың экономкаға айтарлықтай әсер ететінін айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ өз әуе кеңістігін Ресей ұшақтары үшін жапқанын мәлімдеген. Енді ресейлік ұшақтар Еуроодақ аумағында ұша да, қона да алмайды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...