Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Парламент сенаты президентке Қазақстанның бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Конституцияға сәйкес, президенттің бас прокурорды тағайындауына келісім беру сенаттың ерекше қарауына жатады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға сенаттың келісім беруіне ұсыныс енгізді. Президент ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймыз», – деді Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев.

Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Кейін тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Берік Ноғайұлы 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды.

2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...