Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Путинді трибуналға жіберуді сұрауда: 38 ел Ресейге қарсы халықаралық сотқа арыз түсірді

Танымал

Ел аузында

38 ел халықаралық қылмыстық сотқа Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен жасалып отырған әскери шабуылға қарсы арыз түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс Ресейдің жазықсыз тұрғындарға қарсы күш қолданғанын жеткізді. 

“Путин бұл жантүршігерлік әрекеті үшін жазасыз қалмайды”, – деді Ұлыбритания прьемер министрі Борис Джонсон.

Бұған дейін 1 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Украинадағы ықтимал әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстардың жағдайын тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Өз кезегінде Украина 27 ақпанда Гаагадағы Халықаралық сотқа геноцид тұжырымдамасын бұрмалағаны үшін Ресейге қарсы шағым түсіріп, дереу соғыс қимылдарын тоқтатуға және келесі сот отырысын тағайындауға шақырды.

 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...