Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Ресейден ЕАЭО елдеріне астық пен қант экспорттауға тыйым салынады

Кеден кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне астық дақылдарын, қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге уақытша тыйым салу туралы шешімді мақұлдады.

Танымал

Ел аузында

Экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, шара 2022 жылдың 31 тамызына дейін бидай мен меслинге, қара бидайға, арпа мен жүгеріге қатысты қолданылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Бейсенбі, 10 наурызда экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссияның сыртқы саудадағы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, қорғау шаралары жөніндегі кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл шараның уақытша екенін және бидай мен меслин, қара бидай, арпа және жүгеріге қатысты 2022 жылдың 31 тамызына дейін қолданылатынын түсіндірді. Кей жағдайда артықшылық Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі берген экспорт лицензиялары бойынша жеткізілімдер үшін қарастырылған.

Сондай-ақ, кейінгі отырыста кіші комиссия 2022 жылдың 31 тамызына дейін Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешімді қолдады.

«Бұл тыйым басқа елдерге экспортқа қатысты қолданылады. ЕАЭО-ға жеткізу Ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсаттар негізінде жүргізілуі мүмкін», – делінген министрлік хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...