Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Кеңсеге ұрлыққа түскен сезікті ұсталды

Танымал

Ел аузында

Созақ ауданының полиция бөліміне кеңсе қызметкері арызданған. Онда түнгі уақытта белгісіз біреулер ғимаратқа терезе арқылы кіріп, 200 мың теңге болатын теледидар мен 250 мың теңгелік ноутбугты қолды еткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада шыққан учаскелік полицейлер бірден жедел-тергеу тобына хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын 450 000 теңге. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Созақтық полицейлер қажетті жедел іздестіру шараларын атқарып, нәтижесінде ұрлық қылмысын жасаған азамат анықталды. Яғни бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды.
Анықталғандай, сезікті түнгі уақытта ғимараттың ішінде ешкім жоғын пайдаланып, теледидар мен ноутбугты жымқырған. Одан кейін ұрланған затты өзге біреуге сатып жіберіп, ақшаны қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат алынып, иесіне табысталды. Бүгінде сезікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдарды жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріне барынша сақ болуларын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...