Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-13.1 C
Almaty
-8.7 C
Shymkent

Жылдың «Алтын адамдары» анықталды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында «Аманат» партиясының қолдауымен «Кәусар» балалар орталығының ұйымдастыруымен бір топ ұлт жанашырлары марапатталды. Негізінен биылғы жылдың балалар жылына арналуына орай еліміздегі балалардың тәрбиесіне ат салысып, сапалы білім алуына еңбек сіңіріп жүрген, балаларға қамқорлық жасауды мақсат етіп, кішкентайларға қызмет етуді мәртебе санаған қызмет иелері, жалпы еліміздің дамуы мен халықтың игілігі жолында аянбай еңбек сіңіріп жүрген тұлғалар «Жыл Алтын Адамы» жылдық қортынды кешке шақырылып, арнайы құрмет көрсетілді.

Аталмыш жиынның ашылуында сөз алған Алматы қаласы Жетісу аудандық «Аманат» партиясының хатшысы Ерлан Ескендірұлы партияның атынан ел жанашырларын алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ Алматы қалалық Мәслихат депутаты, кардиохирург-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаев жиналғандарға марапатты тапсырды.  Алмат Тұрысбекұлы «Мен өзімді талай нәрсе бітірдім деп ойлаушы едім. Алайда мына шағын роликті көре отырып осы ұлт жанашырларының қасында ұлт үшін жасаған тірлігімінің салыстырмалы түрде тым аз екенін мойындадым. Бүгінгі кешке жиналған тұлғалардың өлшеусіз еңбегі мен елге деген жанашырлықтары сүйсінтті. Еліміздің дамуы жолында атқарған жұмыстарыңыз еселене берсін» деп өз лебізін білдірді.  

Жылдың қортындылануына орай еңбегі еленген жандар «Алтын адам» статуэткасымен марапатталды. Осыған дейін аталмыш тұлғалардың қоғамға сіңірген еңбегі жан жақты жазылған «Ұлт жанашыры» мен «Ел жанашыры» кітаптарының да тұсауы кесілген болатын. Ал атылмыш жиында олар туралы түсірілген арнайы ролик көрсетілді.

Аталмыш марапат иелініп отырған тұлғалардың әрқайсысы өзінше дара. Мәселен балалар жылына орай Мемлекет басшысының шыршасына қатысатын балаларға арнап сегіз мың дана кітап шығарған кәсіпкер Нұрмұханбет Тлеуберді Байжұмаұлы «Жыл Алтын адамы» кейіпкерлерінің бірі. Еліміздегі жас кәсіпкерлердің бірі үнемі табысының бір бөлігін тұрақты түрде балалар үйі мен қарттар үйіне аударып отырады. Осы әрекетін бағалаған мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың да арнайы Алғыс хатына ие болған. Атылмыш шарада негізінен осындай тұлғалар қамтылған. Қоғам үшін атқарып отырған еңбегі орасан зор болса да көбіне елене бермейтін мұндай жандарды аталамыш шара марапаттап, олқылықтың орнын толтырғандай. 

Шара ұйымдастырушысы, «Кәусар» балалар орталығының директоры Динара Бердімұрат та «Негізгі мақсатым да сол болатын» дейді. 

Динара Бердімұрат, «Кәусар» балалар орталығының директоры, «Ұлт жанашыры» және «Ел жанашыры» кітаптарының және балаларға арналған бірнеше оқулықтың авторы:

–  «Елімізде көп жағдайда қоғам дамуына айрықша еңбек сіңіріп жүрген жандар елеусіз қалып жатады. Ұлт болашағы жолында еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін елеп, ынталандырып отыру парыз! Көптеген «Желтоқсандықтың» ерлікке бергісіз әрекеттері де осы уақытқа дейін еленбей келді. Мақсатым қоғамымыздағы нағыз «Алтын Адамдарды» тауып, желтоқсандықтарды дәріптеп халыққа таныту. Ұлт жанашырларының әрекеті арқылы басқаларды да ұлтқа қызмет етуге шақыру басты мақсатым! Ел тарихында орны ерекше Алтын адам ұғымының да осы марапаттаудың негізгі символикасы ретінде таңдап алуым бекер емес. Алтын адам атануға ұмтылу арқылы, өздерінің атқарып жүрген ісінің маңыздылығын ұғынса деймін. «Жыл Алтын Адамы» ғұмыры ұзақ, ел тарихында орны бар марапатқа айналса екен тілегім бар. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Будущее образования: как онлайн-курсы и другие альтернативы традиционному обучению помогают молодежи Алматы в трудоустройстве

В Алматы проживают 695,6 тыс. молодых людей. В ВУЗах и колледжах города обучаются более 279 тыс. студентов. Одной из...