Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Түркістан қалалық полиция басқармасы патрульдік полициясының жеке құрамымен кездесу өтті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, тәртіпті нығайту және полиция жұмысына деген сенімді арттыру мақсатында, Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен жиналыс өткізді.

Оған Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ә.Тастанбеков, ЖПҚ бастығының орынбасары Б.Кенжебаев, Түркістан қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің басшылығы қатысты. Полиция полковнигі Б.Кенжебаев өз баяндамасында, патрульдік полиция батальоны қызметінің нәтижелері, қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйі, заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Бұдан әрі әкімшілік полиция бастығы А.Тастанбеков анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу аспектілері бойынша сабақтар өткізді. Сондай-ақ басшылар жеке құрам арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және облыстық орталықтың патрульдік полициясының қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңында Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев кездесу қатысушыларына полицияға артылған қызмет пен азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді жауапкершілікпен орындау қажеттігін ескертті. Оған қоса тәртіп сақшыларын кәсіби білімдерін жетілдіріп, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жәнеҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен...