Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Полицейлер базарға ұрлыққа түскен жас жігіттерді анықтады

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның базарда орналасқан азық-түлік дүкеніне ұры түсіп, 500 000 теңге ақшасы мен 2 дана пісте майын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.     
Дәл осындай арызбен полицияға тағы 3 бірдей тұрғын шағымданып, дүкендеріне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, кассаларында тұрған ақшаларын жымқырғанын жеткізді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 360 000 теңгені құрады.                                                                                              
Сауда орындарына ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтап, қылмысты ашу мақсатында жетісайлық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиға орнын қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. 
Нәтижесінде бейнебақылау камераларынан белгісіз екі жас жігіттің қылмыс жасау кезіндегі көрінісі анықталып, шұғыл іздестіру шарасы барысында жеке басы анықталды. Олар жергілікті тұрғын, жас жігіттер болып шықты.          Белгілі болғандай, күдікті екеу оңай жолмен ақша табу мақсатында ұрлық жасап, жәбірленушілердің ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.              Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.     

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...