Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Әmre ресейлік «Голос» шоуының тәлімгерлерін таңғалдырды

"Голос" шоуының 10-маусымына қатысқан Қазақстан әншісі Ернар Садырбаев тәлімгерлерді өнерімен тәнті етті.

Танымал

Ел аузында

Ол Әmre деген атпен танымал.

26 жастағы әнші Стиви Уандердың Part-Time Lover әнін орындады. Ән In Square Circle альбомында 1985 шыққан болатын.

Байқау тәлімгерлерінің төртеуі де әннің аяқталуын күтпестен қазақстандық әншіге бет бұрды.

Сіздің милизматикаңыз керемет, — деді Пелагея.

Ал тағы бір тәлімгер Александар Градский әнішінің кез келген музыкалық материалды трансформациялауға және терең түсінуге дайын екенін атап өтті.

Әміре болса мұндай нәтижені күтпегенін жасырмады. Барлық тәлімгерлер оны өз командасына шақырды.

Бұл оңай емес, бұлай болады деп ойламаған едім, — деді ол таңдау жасау сәті келгенде.

Ойлана келе ол Дима Биланды таңдады.

Сенде бәрі болды – талант, стиль, әр нәрсенің шегін білу. Меніңше, сен біреуге ұнау үшін емес, сол әннен өзің ләззат алып орындадың. Бұл өте маңызды, — деді Дмитрий Нагиев.

Ернар Садырбаевтың айтуынша, қазір ол астанада тұрып жатыр. Ол Алматыда өнер академиясын тәмамдаған. Музыкалық мектептің баян-қобыз сыныбында білім алған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...