Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Елімізде зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіне» аудару келесі жылға шегерілді

Танымал

Ел аузында

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіне» аудару мүмкіндігі келесі жылға қалдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылдың қаңтарынан қазақстандықтарға қаражаттың бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозиттерге аударуға мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарына түзетулерді қабылдаудың алдын ала мерзімін жариялады. Қазір бұл бұйрық дауыс беру сатысында тұр.

Зейнетақы шотындағы жеткіліктілік шегінің 60-80%-ға артуына байланысты бұл қаражатты кез келген адам аудара алмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті Жолдауында зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен жоғары бөлігін «Отбасы банкіндегі» шоттарға аударуға рұқсат беруді тапсырған болатын.

«Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударуға байланысты науқанның сәтті өткені туралы мен бірнеше рет айтқан болатынмын. Осы үрдісті сақтау үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банкіндегі» шотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын», – деген еді президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...