Тараз вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу біраз жыл жоспарланған болатын. Жоспар 2021 жылы жүзеге асырылды. Вокзал ғимаратының ішкі қабырғалары, қасбеті мен шатыры жаңартылып, жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелері, жолаушылар үшін күту аймақтары кеңейтілді – жөнделді. Вокзалда тұрғындардың жүруге қауқары аз топтары үшін жағдай жасалған. Екінші қабатта аймақ тарихы көрсетілген тақырыптық инсталляция орнатылған. Жаңа жылдық мереке күндері еліміздің барлық вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеді және жұмыс істеуде. Вокзал қызметкерлері жолаушылардың мерекелік көңіл-күйі, олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы, ақпаратқа қолжетімділігі және жолдағы өзге де бәлекеттерге ұшырап қалмауы үшін барлығын жасайды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Бақылау мереке күндері және мектеп демалысы кезінде күшейтіледі. Биыл мерекелік демалыс кезінде теміржолшылар көлік полициясы қызметкерлерімен және күзет қызметімен бірлесіп профилактикалық қауіпсіздік рейдтерін өткізді. Қауіптілігі жоғары аймақтарда анықталған қауіпсіз мінез-құлықты бұзушылармен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.
Сонымен қатар, Аshyq қосымшасы арқылы вокзал ғимараттарына өтуге тырысқан сары мәртебесі бар карантиндік шаралардың екі бұзушысы анықталды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап, дәл осы сәттен бастап вокзалдарда Аshyq қосымшасы пайдаланылып, 769 қызыл және сары мәртебесі бар адам анықталды ( сәйкесінше 518 және 251).
«ҚТЖ» ҰК» АҚ азаматтардан абай болуды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және темір жолға қауіптілігі жоғары нысан ретінде қарауды сұрайды.
Бейтарап QR-кодтың көмегімен Аshyq.kz. сайтында орналастырылған осы бағдарламаны қолдайтын және басқа қосымшалардағы өз мәртебеңізді алдын ала тексеріп алу қажет
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі