Мереке күндері теміржолда жүргізілген рейдтер барысында 120-дан астам ереже бұзушылық анықталды

Мерекелік демалыс күндері теміржолшылар көлік полициясы және әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік рейдтерін өткізді.

Танымал

Ел аузында

3 күн ішінде 128 ереже бұзу фактісі анықталып, 53 адам белгіленбеген жерде жолдан өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында 700 азаматқа теміржол жол тәртібі түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.Тыйым салынған аумақта жолды кесіп өту – жарақат жағдайларына әкеп соқтыратын басты себептердің бірі. Сондықтан теміржолшылар әкімшілік жауапкершілікті қатайтып, айыппұлды көбйту керек деген ұстанымда. Қазіргі уақытта айыппұл 3 АЕК мөлшерінде.

Теміржолда қауіп-қатердің алдын алу қарекеті үнемі өткізіліп тұрады. Мереке күндері және мектеп оқушыларының қысқы демалысы кезінде бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, оқу маусымында барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздік сабақтары жүреді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолда абай болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертеді. Темір жол өте қауіпті аумақ екенін ешқашан естен шығаруға болмайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...