Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Әбдіжаппар Әлқожа: Тарихта болмаған көкпар болды

Танымал

Ел аузында

30 мың адамға көкпар беріп, ұлан асыр той жасаған Әбдіжаппар Әлқожа іс-шарадан кейінгі әсерімен бөлісті. Ол өзін қолдаған барша әріптестері мен достарына алғыс айтып, мұндай көкпардың тарихта болмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, әнші үш ұлын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кешегі тойды қандай сөзбен жеткізіп, қандай видео, суретпен елге жеткізерімді білмей отырмын! Бақытты күн болды! Қаншама халық көкпарда бір үйдің баласындай жүрді. Ең бастысы айқай ұрыссыз, дау дамайсыз өтті. Тарихта болмаған көкпар болды деп ойлаймын өзім. Алла осы күнге жеткізгеніне сансыз шүкір еттім. Еліміз аман, жұртымыз жақсылықта жүрсін», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Әлқожаның айтуынша, көкпарға арнайы Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Алматы қалаларынан келген қонақтар болған. 

«Жалпы Қазақ дейтін еліме басымды игенім иген. Көрермен болып келген жұрттың қошеметіне, айтқан тілектеріне алғысымды шын жүрекпен айтамын! Барша баршаңызға тек қана алғыс айтамын! Ұлдарымыз өсіп өнсін. Алла тіл көзден сақтасын! Елімізде той думан, көкпар, бәйге көп болсын!» – деді әнші. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...