Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қыдырәлі Болманов: Қонаевтың атын астанаға берсе де аз

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Талдықорған аймағында жаңа Жетісу облысы құрылса, Алматы облысының орталығы енді Қапшағай қаласында болмақ. Ал аталған қалаға Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін. Бастаманы көпшілік қолдап отыр. Ал продюсер Қыдырәлі Болманов Қонаевтың есімі елордаға берілсе де аздық ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шынын айтсақ, астанаға Дінмұхаммед Қонаев атамыздың атын берсе де аз. Ол кісінің атымен әр қаланың басты көшелерін атау қажет! Ең мықты білім орталықтарын, университеттердің атын Қонаевтың атымен байланыстырған дұрыс болар еді. Өйткені ұрпақ тәрбиесінде өте маңызды жастар да, балалар да сол кісіге қарап бой түзеуі қажет. Дінмұхаммед Қонаев – адалдықтың, мемлекетін, ұлтын сүюдің, елін жанашырлықпен, әділдікпен басқарудың үлкен үлгісі! Яғни символы. Тоқтаусыз айтуға болады»,-  деп пікірін білдірді Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Көпшілік продюсердің пікірін қоштады. 

«Астанаға да, әуежайларға да Қонаев атамыздың есімі берілсін», «Біртуар тұлға, астананың атын берсе де қолдаймыз», «Әрине, қолдаймыз. Атамызға төрдің төрінен орын лайық. Жарықтық, бір аунап тұрған болар. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары. Дара тұлға, дана тұлға – Қонаев атамыз», – деді желі қолданушылары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мемлекет мейірі: Жеке куәлік алған қарияның қуанышы

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі. Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз...